
Бұл мақалада ағылшын және қазақ тілдеріндегі идиомалардың табиғаты салыстырмалы-когнитивтік аспектіде қарастырылады. Идиомалар халықтың дүниетанымын, мәдени жадысын, ұлттық танымын және тілдік бейнесін танытатын күрделі тілдік бірліктердің бірі ретінде сипатталады. Зерттеуде идиомалардың мағыналық тұтастығы, образдылығы, концептуалдық негізі және мәдени уәжділігі талданып қарастырылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі идиомалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары адам тәжірибесінің әмбебап және ұлттық сипаты тұрғысынан түсіндіріледі. Сонымен қатар дене мүшелері, эмоция, еңбек, уақыт, қарым-қатынас сияқты концептуалдық өрістер негізінде қалыптасқан идиомалық бірліктер салыстырылып, олардың когнитивтік модельдері анықталады. Зерттеу нәтижесінде идиомалардың тек тілдік емес, сонымен бірге танымдық және мәдени құбылыс екені айқындалып, екі тілдегі идиомаларды оқыту мен аударуда когнитивтік тәсілдің тиімділігі негізделеді.
идиома, когнитивтік лингвистика, концепт, тілдік бейне, салыстырмалы талдау, ұлттық дүниетаным, ағылшын тілі, қазақ тілі.
идиома, когнитивтік лингвистика, концепт, тілдік бейне, салыстырмалы талдау, ұлттық дүниетаным, ағылшын тілі, қазақ тілі.
| selected citations These citations are derived from selected sources. This is an alternative to the "Influence" indicator, which also reflects the overall/total impact of an article in the research community at large, based on the underlying citation network (diachronically). | 0 | |
| popularity This indicator reflects the "current" impact/attention (the "hype") of an article in the research community at large, based on the underlying citation network. | Average | |
| influence This indicator reflects the overall/total impact of an article in the research community at large, based on the underlying citation network (diachronically). | Average | |
| impulse This indicator reflects the initial momentum of an article directly after its publication, based on the underlying citation network. | Average |
