
Көк бөрінің тотемдік ұғымға айналып, ол туралы фольклорлық сюжеттердің қазақ, қырғыз, алтай, монғол халықтарының ортасында кеңінен таралуы, біріншіден, бұл халықтар тарихының ортақтастығын танытса, екіншіден, рухани көркем ойлау жүйеміздің бір арнадан бастау алатындығын айғақтайды. Батырлық жырларда бөрі көбінесе қасиетті хайуан түрінде бейнеленеді. Бөрі бейнесінің поэтикалық астарына үңілген адам оның ұлттық бітімін аңғарып, ерлік рухымен астасып жатқан танымдық тұлға екеніне көз жеткізеді. Типологиялық және генеологиялық салыстырулардың нәтижесінде «Оғыз-намедегі» бөрі бейнесі мифологиялық әңгімелердің архаикалық кейіпкерлері қатарына жататындығы, оның бір мезгілде әрі адами, әрі хайуандық реңк алып, зооантропоморфты кейіпте бейнеленгендігі сараланады. Бөрі символикасының астарында ата-бабаларымыздың дүние, әлем, жаратылыс туралы танымымен қатар ерлік пен қайсарлық, бірсөзділік пен адалдық жөніндегі моральдық қағидалары, ұстанымдары да бой көрсетеді.
| selected citations These citations are derived from selected sources. This is an alternative to the "Influence" indicator, which also reflects the overall/total impact of an article in the research community at large, based on the underlying citation network (diachronically). | 0 | |
| popularity This indicator reflects the "current" impact/attention (the "hype") of an article in the research community at large, based on the underlying citation network. | Average | |
| influence This indicator reflects the overall/total impact of an article in the research community at large, based on the underlying citation network (diachronically). | Average | |
| impulse This indicator reflects the initial momentum of an article directly after its publication, based on the underlying citation network. | Average |
