
Мақалада негізгі мектепте физика пәнін оқыту барысында «Динамика негіздері» тарауын қалыптастырудың әдістемелік негіздері қарастырылған. Динамика – табиғаттағы қозғалыс заңдылықтарын біріктіретін негізгі ұғым. Зерттеу мақсаты – «Динамика негіздері» тарауының мектеп физика курсында 7–9-сыныптар аралығында қалай дамитынын, оның мазмұндық және әдістемелік бірізділігін анықтау, сондай-ақ заманауи технологияларды (онлайн технологиясы, проблемалық оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, дамыта оқыту, STEM, бағдарламалық оқыту, сараланған оқыту, модульдік оқыту, топтық жобалық оқыту, кейс-стади әдісі) қолдану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру. Мақалада физикалық білімнің құрылымындағы ұғымдық жүйе мен динамиканың рөлі талданып, оқыту мазмұнының логикалық сабақтастығы айқындалады. «Динамика негіздері» тарауын оқыту оқушылардың ғылыми дүниетанымын, логикалық ойлау қабілетін және себеп-салдарлық байланыстарды түсіну дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, практикалық қолдану мәдениетін, технологиялық жауапкершілікті және танымдық белсенділікті арттыруға ықпал етеді. Мақалада «Динамика негіздері» тарауын 7 және 9-сыныптарда сапалы оқыту үшін оқу процесін мақсатты түрде ұйымдастыратын тапсырмалар құрылды, онда заманауи технологиялар (онлайн платформалар, STEM жобалары, топтық кейс-стади) енгізілген.
физиканы оқыту, физикалық білім, динамика ұғымы, заманауи технологиялар, әдістеме.
физиканы оқыту, физикалық білім, динамика ұғымы, заманауи технологиялар, әдістеме.
| selected citations These citations are derived from selected sources. This is an alternative to the "Influence" indicator, which also reflects the overall/total impact of an article in the research community at large, based on the underlying citation network (diachronically). | 0 | |
| popularity This indicator reflects the "current" impact/attention (the "hype") of an article in the research community at large, based on the underlying citation network. | Average | |
| influence This indicator reflects the overall/total impact of an article in the research community at large, based on the underlying citation network (diachronically). | Average | |
| impulse This indicator reflects the initial momentum of an article directly after its publication, based on the underlying citation network. | Average |
