
Қазақ жері – байырғы өркениеттердің бесігі. Осы кең байтақ аумақта көне дәуір мен орта ғасырларда жүздеген қала, іріліұсақты елді мекендер мен зәулім керуен сарайлар бой көтерген.Өз заманында олар тек жергілікті жұртқа ғана емес, бүкіл Азия мен тіпті Еуропаға дейін танымал болған. Бұл қалалар сәулет өнерінің әсемдігімен, мәдени өмірімен және қарқынды саудасымен ерекшеленген. Бірегей келбетімен, жергілікті шебер сәулетшілердіңданалығымен және мәдени-экономикалық байланыстардағы маңызымен бұл қалалар саяхатшылар мен саудагерлердің таңданысын тудырып, олардың жазбаларында із қалдырған.Алайда бұл бірегей қалалар мен елді мекендердің көбісі уақыт сынына төтеп бере алмады. Қанды жорықтар, тақ таластары, ішкі қырқыстар мен сыртқы шапқыншылықтар көптеген мәдени орталықтардың күйреуіне және қаңырап бос қалуына себеп болды.Бүгінде олардан көне тарихтың құпиясын ішіне бүккен төбелер мен қорғандар ғана қалған. Соған қарамастан, бұл жерлер өз тарихи маңызын жоғалтқан жоқ. Ғылым, мәдениет, қолөнер мен сауданың ордасы болған көне қалалардың жұрты халықтың жадында, ауызша тарихында, әсіресе бай қазақ фольклорында сақталып қалған.Ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыздар мен ауызша баяндар өткен өркениеттер туралы бірегей мәліметтерді қамтиды. Бұл фольклорлық мұралар археологиялық және жазбаша деректермен қатар ежелгі қалалардың тарихын зерттеуде маңызды рөл атқарады.Тамыры терең өркениеттің киелі мекені болған қазақ жерінің төсінде бір кездері тек көшпенді өмір салтының көрінісі ғана емес, сонымен қатар Ұлы Жібек жолы бойындағы жоғары деңгейдегі қалалық мәдениеттің куәсіне айналған іргелі орталықтар тірлік кешкен.Осындай тарихи орындардың бірі – Ақтөбе қалашығы. Бұл мақалада оның тарихи шынайы болмысы мен аңыздық сипаттары қарастырылады. «Халық аңыздарында шындық бар ма?» деген сауалға айырықша назар аударылған. Зерттеушілер ортағасырлық Ақтөбе қалашығына жүз жылға жуық уақыт бойы маңызды археологиялық ескерткіш ретінде көңіл бөліп келеді. Оған қатысты халық аңыздары мен тарихи деректер бірін-бірі толықтырады. Аңыздарда Ақтөбе ғылым, білім мен мәдениет ордасы ретінде сипатталады. Бұл мәліметтер ежелгі қаланың өмірсалтын қалпына келтіріп елестетуге мүмкіндік береді.Мақалада аңыздарға фольклорлық-тарихи талдау жасалып, олардың шынайы тарихпен байланысы анықталады, ал бұл өңірдің мәдени мұрасын тереңірек түсінуге ықпал етеді.
G, орта ғасырлар, Баласағұн, Ақтөбе, қалашық, аңыздар, эпос, цитадель, шахристан, рабад, қазба, кесік., Geography. Anthropology. Recreation, P1-1091, Philology. Linguistics
G, орта ғасырлар, Баласағұн, Ақтөбе, қалашық, аңыздар, эпос, цитадель, шахристан, рабад, қазба, кесік., Geography. Anthropology. Recreation, P1-1091, Philology. Linguistics
| selected citations These citations are derived from selected sources. This is an alternative to the "Influence" indicator, which also reflects the overall/total impact of an article in the research community at large, based on the underlying citation network (diachronically). | 0 | |
| popularity This indicator reflects the "current" impact/attention (the "hype") of an article in the research community at large, based on the underlying citation network. | Average | |
| influence This indicator reflects the overall/total impact of an article in the research community at large, based on the underlying citation network (diachronically). | Average | |
| impulse This indicator reflects the initial momentum of an article directly after its publication, based on the underlying citation network. | Average |
