
Мақалада Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан, б.д.д. І мыңжылдықтың екінші жартысымен мерзімделетін Бұланды (Баланды) І ескерткішінің қорғаныс жүйесі жайлы баяндалады. Ескерткішті мекен еткен тұрғындар Іңкәрдария мен Жаңадария арасында тартылған каналға негізделген суармалы егіншілікпен айналысқан. Шірікрабат археологиялық экспедициясының 2007-2014 жылдары ескерткішке жүргізген зерттеуі барысында қорғаныс жүйесіне қатысты біршама құрылыс орындары анықталды. Қазба-зерттеу жұмыстары барысында алынған мәліметтерге сүйене отырып, бекініс қабырғаларын салудың негізгі кезеңдерін бөліп көрсетеміз, олар өз кезегінде бірнеше сатыларға бөлінеді. Сондай-ақ зерттеу нәтижесі ескерткіштің қорғаныс жүйесі өте ерте кезеңде салынғандығын көрсетеді. Бекініс қабырғаларының бұрыштары жоспарлы түрде шығып тұрған жартылай шеңберлі мұнаралармен күшейтілген. Бекініс қабырғалардың іргетасы тұтас монолитті тығыз сазды пақсадан көтеріліп, кейін ішкі жағынан ені 1,3-1,4 м, биіктігі 1 м-ге жуық пақса алаңы жанаса қатар тұрғызылған. Ұзын қорғаныс қабырғалары да пішіні жебе тәрізді, атыс ойықтары бар жартылай шеңберлі мұнаралармен күшейтілген. Бүгінге дейін алынған археологиялық деректерге сүйенсек, Бұланды І бекінісі үлкен іргелі ғимарат болғандығын көрсетті. Ескерткіштің архитектуралық жоспары мен құрылыс тәсілдерін толық түсіну үшін, хронологиясы бойынша бір кезеңмен мерзімделетін көршілес аймақтарда орналасқан археологиялық ескерткіштермен салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Бұланды І бекінісінің қорғаныс жүйесін қамтамасыз ететін нысандар құрылысы екі кезеңнен тұратындығы анықталды.
G, Сырдария, Шірікрабат мәдениеті, фортификация, қамал, бекініс, мұнара, қақпа, атыс ойығы, қабырға, пақса, Geography. Anthropology. Recreation, P1-1091, Philology. Linguistics
G, Сырдария, Шірікрабат мәдениеті, фортификация, қамал, бекініс, мұнара, қақпа, атыс ойығы, қабырға, пақса, Geography. Anthropology. Recreation, P1-1091, Philology. Linguistics
| selected citations These citations are derived from selected sources. This is an alternative to the "Influence" indicator, which also reflects the overall/total impact of an article in the research community at large, based on the underlying citation network (diachronically). | 0 | |
| popularity This indicator reflects the "current" impact/attention (the "hype") of an article in the research community at large, based on the underlying citation network. | Average | |
| influence This indicator reflects the overall/total impact of an article in the research community at large, based on the underlying citation network (diachronically). | Average | |
| impulse This indicator reflects the initial momentum of an article directly after its publication, based on the underlying citation network. | Average |
